Нархоз университеті қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отыра студенттерді оқытуға көшкен cәттен екінші апта өтіп жатыр. Бұл шаралар Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінің енгізілу және Алматыда карантин жариялануына нәтижесіндге туындаған болатын.
Narxoz.online білім беру платформасының арқасында студенттер мұғалімдермен тез және тиімді байланыс орнатып, ең қызықты тапсырмаларды орындайды.
Барлық пәндер бойынша электронды материалдар және презентациялар жеткілікті. Аталмыш уақыт аралығында университеттің 4032 студенті 5000-нан астам лекция және семинарларға қатыса алды.
2020 жылдың 31 наурызында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы онлайн-конференция түрінде өтті. Кездесу нәтижесінде оқу процесін ұйымдастыру мен өткізуге қатысты Нархоз университетінің академиялық саясатына өзгерістер енгізілген болатын.
Толығырақ құжатпен мына жерден танысуға болады.