Бітіруші курс магистранттар мен студенттер назарына

Құрметті студенттер мен магистранттар,

Бүгін сіздер өмірлеріңіздің жаңа жарқын белесіне қадам басқалы тұрсыздар. Сіздер жоғары білім алу жолындағы қызықты сапарларыңыздың соңына да жетіп қалдыңыздар. Енді аз ғана күн қалды.

Десек те, соңғы күндердегі жоспарларыңыз бен тұрмыстарыңызға пандемия айтарлықтай өзгерістер әкелгені анық. Елдегі жағдай Сіздің болашақ мансабыңызға немесе әрі қарай оқу туралы ойларыңызға белгісіздік пен қатер төндірген болуы да мүмкін.

Бірақ бір жағынан, кез келген тәжірибені пайдаға жаратуға болады. Әрбір дағдарыс жаңа мүмкіндіктер әкеледі. Егер бұл мүмкіндіктерді көре біліп, оны дұрыс пайдалана алсаңыздар, бұл пандемия Сіздерді одан сайын шыңдай түседі.

Біз өз тарапымыздан Сіздердегі осыған керекті білімдер мен дағдыларды дамыту үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Ол Сіздерге басқаларға қарағанда жақсы жоспарлай білуге, көбірек көре білуге, алыстағыны болжай білуге көмектесетініне сенеміз.

Біз қазір де Сіздерге бұл қиындықты оңай еңсеруге көмектескіміз келеді. Назарларыңызды Сіздерге одан әрі дамып өсулеріңізге, табысты болуларыңызға шынымен керекті  нәрселерге бұрғымыз келеді.

Нақтылай айтқанда, Университетті уақытылы бітірулеріңіз үшін төмендегідей жоспар құрдық. Ол ең алдымен Сіздердің мүдделеріңізді ескеріп жасалды және білім сапасын сақтап, қазіргі заңнама тәртібі мен техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып жасалды.

  1. Дипломдық және диссертациялық жұмыстарды қорғау академиялық күнтізбедегі кестеге сәйкес өткізіледі. Оған себеп, карантин мен оның салдары әлі де жалғаса бермек, ал ол Сіздердің дипломдық жобаларыңызды қорғауды кестеге сәйкес кампуста өткізуді қиындатады (тіпті ол болмауы да мүмкін). Сол себепті қорғауды онлайн режимде өткізбекпіз. Университет, оқытушылар, ғылыми жетекшілер мен емтихан комиссиясының мүшелері оған қажетті құралдармен жабдықталған. Жетекшілеріңіз Сіздермен бірлесе отырып, қандай платформада өткізу, алдын ала видеожазба пайдалану, видеохабарлама жіберу, презентациямен өткізу сияқты т.б. қорғауды өткізудің техникалық жақтарын қамтамасыз етеді. Университет Сізге, комиссия мүшелері мен жетекшілеріңізге сапалы ақпарат алмасу қатынасына мүмкіндік беретін техникалық шешімдерді барынша еркін пайдалануға құқық береді.  Қазақстанның заңнамасы бойынша дипломдық жобаны қорғау міндетті болып табылатындықтан, біз одан бас тарта алмайтындығымызды түсінулеріңізді сұраймыз.
  2. Қорытынды аттестация кезіндегі кешенді емтихандардың бағасы емтихандар өткізілмей-ақ қойылады. Қорытынды аттестация кезіндегі кешенді емтихандар тізіміне енетін базалық пәндер бойынша Университет кешенді емтихан үшін орташа жинақ арифметикалық бағаны шығарып қояды.

Достар, осылайша біз техникалық мүмкіндіктер мен шығындар және соңғы екі маңызды тапсырманың арасында тиімді баланс орнатамыз. Бұл Сіздердің уақытыңызды, ресурстарыңызды және жан қуатыңызды үнемдейтініне сенімдіміз. Ал ол өз кезегінде, Сізге уақытыңызды шығын қылмай-ақ, көңіліңізді болашақтағы оқуға қатысты жоспарларыңыз бен мансабыңызды дамытуға бөлуге мүмкіндік береді.

Рахмет және сәттілік!

Опубликовано
В рубрике Новости