Директорлар кеңесі төрағасының емтихандарға қатысты үндеуі

Құрметті студенттер, магистранттар и докторанттар, әріптестер!

Еліміздің аумағында пандемияға байланысты енгізілген төтенше жағдай салдарынан Университетіміздегі оқу үрдісі бірқатар өзгерістерге ұшырады. Мәселен, 16 наурыздан бастап барлық оқыту бағдарламалары (бакалавриат, магистратура, докторантура) онлайн-форматқа ауысып, студенттердің оқу үлгерімін бағалау дәстүрлі тәсілден ауытқуды талап етті.

Аталмыш мәселенің жаңашылдығы, күрделілігі мен масштабына қарамастан, университеттегі оқу процесі алдын-ала бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес қатаң жүргізілді. Бұл нәтижені бөлім басшылары мен мамандарының тегеурінді жұмысының, ұстаздардың жоғары жауапкершілігінің, материалдық-техникалық базаның дайын болғанының арқасы деп білеміз.

Сонымен қатар, онлайн режимдегі оқу процесінде туындайтын техникалық және ұйымдастырушылық проблемаларды тиісті бөлімдерінің қызметкерлері бақылап, тез арада шешу үшін еңбек етті. Карантин кезіндегі бір жарым айлық қашықтықтан жұмыс жасау тәжірибесі студенттеріміздің көпшілігі орналасқан жерде Интернет тұрақты әрі қанағаттанарлық деген тұжырым жасауға мүмкіндік берді. Дегенмен, кейбір студенттер ғаламтордың қол жетімділігіне қатысты қиындықтарға тап болғаны мәлім.

Қазіргі таңда университеттің техникалық және ұйымдастырушылық жағдайы көктемгі емтихандарды қашықтықтан оқыту технологияларының көмегімен өткізуге мүмкіндік береді.

Осының бәрін ескере отыра, ректорат, Нархоздың мектептері мен кафедра басшылары студенттер білімін бағалаудың оңтайлы формалары мен әдістерін анықтау жұмыстарын аяқтап жатыр. Оқыту деңгейлері, оқу жоспарының мазмұны, ағымдық үлгерімі, курстың және студенттердің Интернетке қол жетімділігі мен техникалық мүмкіндіктері басты назарда екендігін айта кеткен жөн.

Барлық дайындық жұмыстары және жоспарлы емтихан процедурасы Академиялық еркіндікті кеңейту туралы заңнамамен университетке берілген өкілеттіктерге сәйкес жүргізіледі. Емтихан сессиясына дайындық пен оның өткізілуі ҚР Білім және ғылым министрлігінің тұрақты бақылауында.

Университет әкімшілігіне, мектептер мен кафедралардың басшыларына студенттермен кездесіп, қашықтықтан емтихан тапсыру процедураларын түсіндіру, туындауы мүмкін проблемаларды егжей-тегжейлі шешу туралы ұсыныс жасалды. Сондай-ақ, техникалық мүмкіндіктердің салдарынан қатыспаған жағдайда студенттердің жазғы семестр кезінде емтихандарды ақысыз түрде қайта тапсыруына болады.

Университеттің комплаенс қызметіне (Денис Поленов-compliance@narxoz.kz) емтихан сессиясын бақылау мен директорлар кеңесіне студенттерге қатысты қолданылған шаралар туралы хабарлауды тапсырамын.

 

С.Святов

«Нархоз Университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

Опубликовано
В рубрике Новости