«ХХІ ҒАСЫР ЭКОЛОГИЯСЫ» атты ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

ЮНЕСКО-ның Алматы қ. кластерлік бюро және Қоғам, Технологиялар және Экология Мектебі 2020 жылдың 21 ақпанында «ХХІ ҒАСЫР ЭКОЛОГИЯСЫ» атты ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТКІЗЕДІ

Қатысу үшін Алматы қаласы мен Алматы облысының орта және арнайы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары шақырылады.

Олимпиаданың мақсаты:

  • экология және биология мәселелеріне қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау;
  • оқушылардың танымдық және ғылыми әрекеттерін жандандыру;
  • орта білім беретін мекемелер мен университеттер арасындағы өзара әрекеттестік кеңейту;
  • оқушылар арасында шығармашылық байланыс орнату және тәжірибе алмасуға жағдай жасау.

Олимпиадаға қатысу үшін 2020 жылдың 17 ақпанына дейін өтінімді (1-қосымша) «олимпиадаға» деген айдармен kaliyash.stamkulova@narxoz.kz, elmira.boribai@narxoz.kz
электрондық поштасына жіберу қажет.

Олимпиада екі кезең бойынша өтеді:

  • I кезең (іріктеу — «Климаттың жаһандық өзгеруі» тақырыбына эссе жазу)
  • I кезең (қорытынды – экология және биология бойынша еркін тақырыпта жоба қорғау)

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталады, қатысушыларға сертификаттар беріледі.

ҚАТЫСУ ТЕГІН! Олимпиада жұмысы – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Ұйымдастыру алқасы:

  • Төрағасы: Ewan Simpson PhD, Қоғам, Технологиялар және Экология Мектебінің Деканы
  • Гумарова Т.А., э.ғ.к., ассоц.профессор «Экология» ББ
  • Стамкулова К.У., э.ғ.д., профессор «Экология» ББ
  • Борибай Э.С., б.ғ.к., ассоц.профессор «Экология» ББ

Олимпиаданың өткізілу орны мен уақыты: 050035, Алматы қ., Саин көшесі,81, Ұлықбек көш. Қиылысы (бұрынғы Домостроительная к.)
Нархоз университеті АҚ, Қоғам, Технологиялар және Экология Мектебі, УЛК №2, 412 ауд.

Тіркелуі – сағ. 9.00., басталуы – сағ. 10.00.

Байланыс телефондары мен пошталар:

Опубликовано
В рубрике Новости