Insight (Inside) Narxoz кездесуінің қорытындысы

7 желтоқсанда «Орталық Азиядағы азаматтық білім беру жобасы» идеясы аясында қазақстандық жоғарғы оқу орындары ішінде алғаш рет Нархоз Университеті қоғам алдында INSIGHT (Inside) Narxoz атты жылдық есеп беру кездесуін өткізді.

350-ден аса қатысушыны біріктірген іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер, азаматтық қоғам белсенділері, білім саласының эксперттері, бизнес және медиа майталмандарымен қатар, университеттің құрметті түлектері және студенттер қатысты. Ашық есептік кездесу — білім беру саласы мен азаматтық қоғам арасында тығыз қарым-қатынас орнатуға бағытталған жаңа форматы.

Аталмыш шара білім ордасының 2018 жылдан жүргізіп келе жатқан трансформация үрдісінің шеңберінде өткізілді. Нархоз Университетінің ректоры – Эндрю Вахтельдің (америкалық ғалым, Ph.D., профессор, халықаралық қатынастар кеңесінің мүшесі, Америкалық ғылым және өнер академиясының мүшесі) айтуынша,  университет Орталық Азия өңіріндегі талантты жастар «хабына» айналып, әлемнің үздік жоғарғы оқу орындарының тәжірибесін жүзеге асырмақ. Сондай-ақ, университет басшылығы озық санатты оқытушыларды қызметке алып, білім беру сапасын халықаралық деңгейге арттыруды қолға алды. 2019 жылдың қортындысына сәйкес, университет әлемнің 21 еліндегі 60 жоғарғы оқу орындарымен серіктестік орнатып келеді.

Келер жылда оқу бағдарламаларын заман талабына сай жасақтаумен қатар, университет орналасқан бас ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Модернизация 2020 жылдың ақпанынан 2022 жылға дейін жүргізілмек. Жаңа кампус студенттердің ғана емес, барша қала қауымдастығының креативті идеяларын іске асыратын ортаға айналады деген сенім мол.

«Біз Нархоз Университетін мақсатты түрде әлемдік деңгейдегі Орталық Азия өңіріндегі үздік білім ордасына айналдыруды жоспарлап отырмыз. Бұл өте ауқымды, ұзақ әрі қиын бағыт екенін түсіне келе, оған жетудің нақты қадамдарын айқын білеміз. Сондықтан, өскелең ұрпақты сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін,   түрлі салада жетістікке жеткен отандастастарымызды аталмыш жобаға аянбай атсалысуға шақырамын. Қазіргі таңда Нархозды әлемдік деңгейде бәсекеге сай ету үшін біз қамқоршылар кеңесін жасақтап, ең білікті академиялық мамандарды тарту, мемлекеттік және жеке сектормен тығыз байланысымызды одан әрі дамыту үстіндеміз, — деді «Верный Капитал» компаниясының бас директоры Ерлан Оспанов.

Аталмыш іс-шараның құрметті қонағы — ресейлік бизнесмен және венчурлы филантроп, «Сколково» басқару мектебінің негізін қалаушылардың бірі, «Аврора» гуманитарлық жобасының құрылтайшысы Рубен Варданян. Рубен мырза «Болашаққа миграция» тақырыбында ой қозғады. Спикер мемлекеттің дамуы үшін ең негізгі құндылық адами капитал екенін ескере отыра, Нархоз университетінің бастамаларына тәнті екен айтып өтті.  Рубен Варданян халықаралық жобалары қоғамды жақсарту мен өскелең ұрпаққа сапалы білім беріп, талантты жастарды қолдауға бағытталған.

Опубликовано
В рубрике Новости