13 ақпан күні ОЛК-2 ғимаратында «Кибер гигиена» тақырыбындағы қонақ дәрісі өтті. Спикер ретінде KZ-CERT компьютерлік инциденттерге қызмет көрсету қызметінің басшысы Медет Ысқақов танылды.
Медет мырза Қазақстан Республикасындағы киберқауіпсіздіктің қазіргі жағдайы жайында баяндап, аудиторияны одан сайын қызықтыру үшін сторителлинг форматын таңдады. Дәрістің қатысушылары — «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының студенттері өзекті сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Техникалық кейстер туралы көз қозғай отыра, лекция тыңдармандары талдау жұмыстарын жүргізіп, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Студенттердің қызығушылық танытқаны сонша, кездесуге берілген уақыттың арта түскенін атап өткіміз келеді.
Медет Ысқақов «Мемлекеттің техникалық қызмет» өкілі ретінде аталмыш ұйымының қызметімен таныстырып өтті. Сонымен қатар, ол барлығын кәсіпорынның бастауымен ұйымдастырылатын олимпиадаға қатысуға шақырды.
Сондай-ақ, сапар барысында біздің университет өкілдерімен меморандум жасасу мүмкіндігі талқыланды. Жақында Нархоз Университетінің 2-4 курс студенттері KZ-CERT компаниясында өндірістік және диплом алды практикадан өту мүмкіндігіне ие болады.
Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі ұлттық ақпараттық жүйелер мен Интернет сегментін пайдаланушылар үшін бірыңғай орталық болып табылады. KZ-CERT қазақстандық және шетелдік ұйымдарға заңсыз әрекеттер мен компьютерлік қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алуға көмектеседі.