Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Құрметті достар!

Сіздерді Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймыз!

1 мамыр шынайы патриотизмнің нышанына айналып, баршамызды ұшан-теңіз тарихымызбен байланыстырады. Ұрпақтарды сабақтастырып, халық бірлігін біртұтас күшке айналдырғанда ғана, егеменді еліміздің ертеңі жарқын болатыны сөзсіз.

Әрдайым өзінің жаңа қыры­нан танылатын әлем биыл да тосынымен таң қалдырғаны анық. Карантиндегі уақыт баршамызға жақындарымызбен кездесу, шынайы достық пен таза ауадағы серуен сияқты табиғат ананың ең қарапайым сыйларын бағалауды үйретті. Осы қуанышты сәттерді сезінетін күн алыс емес екендігіне толықтай сенімдіміз.

Дана халқымыз «Көптің қолы біріксе — көкке жетеді» деп бекер айтпаған. Тағдыр сынақтарын жұмыла көтеріп, үлкен жетістіктерге жете берейік! Сіздерге бақыт, зор денсаулық, отбасы амандығы мен емтихандарыңызды сәтті тапсыруларыңызды тілеймін!

Опубликовано
В рубрике Новости