Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC) – Нархоз Университеті - Сорос-Қазақстан Қоры

GERC, СоросҚазақстан қорыныңқолдауымен, 2019 жылғы 10-12 желтоқсанда Гендерлік ЭкономикаФорумын ұйымдастырды. Ісшарааясында «Қазақстан экономикасындағыгендерлік режим: үй шаруашылығындағыақысы төленбейтін жұмыс» тақырыбында дөңгелек үстелұйымдастырылып, екі күндік тренингтерөткізілді. Ісшараның негізгібаяндамашысы (спикері) – халықаралықсарапшы, Американдық университеттіңэкономика саласындағы гендерлік талдаубағдарламасының бірлескен директоры, профессор Мики Меурс (Вашингтон, АҚШ), «Гендерлік режимдер, ақысытөленбейтін үй жұмысы және халықтыңәлеуметтікэкономикалық тұрмысжағдайыны» тақырыбында баяндамажасады. Профессор Мики Меурсөткізген тренингтердің тақырыптары: «Академиялық қоғамдастық үшінгендерлік зерттеу әдістері» (10 желтоқсан, 2019 ж.) және «Гендербойынша бөлінген халықаралықдеректер» (2019 ж. 12 желтоқсан). Форумға жетпістен астам қатысушыларқатыстыСоросҚазақстан қорының, Қазақстан Республикасы Президентініңжанындағы Әйелдер және отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі ұлттықкомиссияның, әкімдік, БҰҰ, ЮСАИД, ҮЕҰ өкілдері, сондайақ Қазақстанныңсарапшы және ғылымиқауымдастығының өкілдері.

Форум ғылыми, академиялық жәнекоммерциялық емес қоғамдастықтардыңөкілдерін әйелдердің экономикалық әлауқатының мәселелерін талқылауғажинады.

Кездесу барысында Нархоз университетінің Ректоры – Эндрю Вахтел, Сорос-Қазақстан қорының басқарма төрағасы – Аида Айдаркулова, БҰҰ-ның Әйелдер бағдарламасының маманы – Салтанат Мұстафина және гендерлік мәселелер бойынша Азия бойынша аймақтық кеңесші – Рабиға Байтокова сөз сөйледі. GERC директоры доктор Майгүл Нугманова Зерттеу Орталығының жұмысы туралы баяндама жасады.

Сорос-Қазақстан Қорының стипендиаттары келесі тақырыптар бойынша өз зерттеулерін ұсынды:

Гендерлік еңбек бөлінісі және ақысы төленбейтін үй шаруасы: Қазақстанның деректері;

Персоналды басқару және ақы төлеудегі айырмашылық: Қазақстанның деректері;

Қазақстанның STEM саласындағы әйелдердің жұмыспен қамтылуын мемлекеттік реттеу механизмін жетілдіру;

Қазақстандағы гендерлік бюджеттеу: процестер, іске асыру тетіктері мен болашағы;

Қазақстан халқының өмір сүру ұзақтығындағы гендерлік айырмашылықтары (1981-2017 жж.).

Кездесу соңында сарапшылар мен дөңгелек үстелдің қатысушылары қоғамдық өмірдегі гендерлік теңдік, әйелдердің ақысы төленетін үй шаруасының ауыртпалығын азайту, балаларға және басқа да отбасы мүшелеріне қамқорлық жасауды ұйымдастыруға, сондай-ақ гендерлік-сезімтал статистиканы дайындауға практикалық ұсынымдар дайындауға кірісті. Нархоз университетінің басшылығы осындай жобаларды қолдайды және әлеуметтік маңызды шараларды әрі қарай жетілдіру үшін жаңа ынтымақтастыққа ашық.

GERC БҰҰӘйелдер құрылымына және Фридрих Эберт Қорына дөңгелек үстелге қаржылық қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.

GERC қызметкерлері мен зерттеушілері үшін кездесулер мен кеңестер

2019 жылдың 9 желтоқсанында GERCқызметкерлері Американдықуниверситеттің профессоры (Вашингтон, АҚШ), Экономикадағы гендерлік талдаубағдарламасының (PGAE) директорыМикки Мерспен кездесті. Микки МерсPGAE тәжірибесімен бөлісті, GERC орталығының алдағы жұмысынаұсыныстар берді. Микки Мерс соныменқатар Халықаралық феминистікэкономика қауымдастығының (IAFFE) вицепрезиденті. Профессор Мерсбірнеше жылғы «ФеминистікЭкономика» журналын GERC-қаҚауымдастық атынан сыйлық ретіндеберді, бұл Қазақстандағы гендерлікзерттеушілер үшін баға жетпес үлесболып табылады. Сондайақ, профессорМесе орталықтың зерттеушілеріне, СоросҚазақстан қорының стипендиялықбағдарламасының стипендиаттарынакеңестер берді.

2019-2020 жж. «Гендерлік экономика» курсы

«Гендерлік экономика» курсы СоросҚазақстан қорының, НархозУниверситетінде Гендерлік ЭкономиканыЗерттеу Орталығын (GERC) құру жобасыаясында жасалып, жүзеге асырылды. Курс экономикалық теорияның гендерлікаспектілерінің негізгі элементтерін(құрама) және жұмыспен қамтусаласындағы жағдайды, сондайақтеориялық және практикалық тұрғыданрепродуктивті саланы, отбасылыққатынастарды және әлеуметтік саясаттыбағалауда гендерлік көзқарастықарастырады. Студенттердің бұл пәнгедеген қызығушылығы болғандықтан, пәнНархоз университетінің студенттері үшінекінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. 2019-2020 оқу жылының көктемгісеместрінде түрлі мамандықтағы 20 студентэкономистер, қаржыгерлер, бухгалтерлер және басқа мамандықтағыстуденттер, 3 кредиттік Гендерлікэкономика курсына қатысады. КурстыГендерлік экономиканы зерттеуорталығының (GERC) ғылымизерттеушістипендиаты, СтамбулТехникалық Университетінің«Экономика» мамандығы бойыншадокторантыСалимжанова Айжанжүргізеді.

Гендерлік экономика курсы материалдыжай жаттаумен шектеліп қалмай, сонымен қатар студенттерде сыни ойлауқабілеттерін қалыптастырады. Курсстуденттерді пікірталас пен мәселелердішешуге жұмылдыратындай етіпұйымдастырылған. Курс бағдарламасыстуденттердің тұрақты қатысуын талапетеді. Курстың дәрістері менпрактикалық дайындығыбұл сұрақтармен жауаптар, жаңа идеялардың пайдаболуы, сол себепті курс студенттері өзкөзқарастарын, сындары мен күмәндерінқалыптастырып, оны ашық жеткізугеүйренеді.

Гендерліксезімтал элективті курстардыенгізу жастардың дәстүрлі кәсіби өзінөзіанықтауын өзгертуі керек. Макродеңгейдегі проблемаларды талдаудагендерлік аспектілерді қосу экономиканыәлеуметтік бағытта қайта бағыттауға, атап айтқанда, адамның қажеттіліктерінқамтамасыз етуге ықпал етеді.

GERC/Нархоз университеті Фридрих Эберт Қорымен бірлесіп “Teaching Gender Studies” іс-шарасын өткізді.

3-5 желтоқсан 2019 ж. аралығында Фридрих Эберт қорының Қазақстандағы өкілдігі, Нархоз Университетінің Гендерлік Экономиканы Зерттеу Ортылығымен (GERC) және WeArt әлеуметтік-білім беру жобасымен бірлесе отырып, «Teaching Gender Studies» іс-шарасын ұйымдастырады.

Іс-шара аясында, бас кейіпкерлері Ninety One тобының мүшелері болған Катерина Суворованың «Мен Сен Емес» (2019) атты деректі фильмнің көрсетілімі, режиссерға және фильмнің түсіріліміне қатысқан сарапшыларға сұрақ қоюға мүмкіндік беретін пікірталас, Нархоз Университетінің студенттері дайындаған бейне-сұхбаттың презентациясы, өнертану докторы Молдияр Ергебековтың «Этика, Гендер және Медиа» атты авторлық курсының презентациясы, және Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей ЖОО-нан келген сарапшылардың қатысуымен пікірталас пен талқылаулар өткізілді. Талқыланған тақырыптар: “Гендерлік пәндерді ЖОО-ның білім беру бағдарламасына енгізу. Қандай кедергілер кездеседі және оларды қалай жоюға болады?”, “Білім беру бағдарламасында бар гендерлік пәндер”, “Университеттердің Гендерлік зерттеу Институттарымен серіктестігі”, “Халықаралық серіктестіктің болашағы”, “Формалды/Формалды емес білім беру. Олар қай жерде қиылысады және оның қандай пайдасы бар?”.

Гендерлік Экономиканы Зерттеу Орталығының ғылыми қызметкерінің TEDx AbayStWomen іс-шарасында сөз сөйлеуі

2019 жылдың 8 желтоқсанындаорталықтың ғылыми қызметкері 4-шігендерлік теңдік конференциясында «Кімкінәлі немесе Экономистер негесоқыр“» тақырыбында сөз сөйледі.

TEDxAbayStWomen әйелдердіңдамуының жаңа кезеңдеріне, өздерінежәне болашақтарына деген сенімдерінарттыруға бағытталған. Жыл сайынконференция қызықты спикерлерді, сарапшылар мен қонақтарды жинайдыжәне адамдардың өз пікірлерін білдіругежәне басқаларды тыңдауға мүмкіндікбереді.

Қатысушылар, спикерлер менұйымдастырушыларды инновациялықидеялар мен әлемді жақсартуға дегенұмтылыс біріктіреді.

Германиядағы кездесу және семинар

Майгүл Нұғманова мен ӘйгерімҚұсайынқызы 2019 жылдың қарашаайында Германияның Киель, Фаххошулеуниверситетінің гендерлік зерттеулеринституты ұйымдастырған семинарғақатысты.

Сондайақ, Майгүл Нугманова (GERC, Нархоз Университеті) және Бритта Тэг(Пәнаралық гендерлік зерттеулеринституты, Германия) арасында кездесуөткізді. Кездесу аясында гендерлік білімберуді дамыту саласындағыынтымақтастықтың мүмкін жолдары, бірлескен зерттеулер және халықтыңгендерлік санасын арттыру жөніндегі ісшаралар талқыланды.

Гендерлік Экономиканы Зерттеу Орталығының ғылыми қызметкерінің Қазақстандағы әйелдер құқығы туралы брифингінде сөз сөйлеуі

2019 жылдың 28 қыркүйегіндеАлматыдағы «Сарыарқа» кинотеатрыныңалдындағы саябақта Қазақстандағыалғашқы үйлестірілген әйелдер кездесуіөтті. Митингі барысында 8 спикер түрлітақырыпта сөз сөйледі. Орталықтыңғылыми қызметкері «Әйелдер жәнеолардың ғылымдағы рөлі» тақырыбындасөз сөйледі.

БҰҰ Әйелдер жобасы «Қазақстандағы әйелдердің ақысы төленбейтін жұмысы туралы зерттеу».

GERC Біріккен Ұлттар Ұйымыныңгендерлік теңдік және әйелдердіңмүмкіндіктерін кеңейту (БҰҰ әйелдер) әйелдердің ақысы төленбейтін жұмысытуралы зерттеу жүргізу үшін гранттыжеңіп алды. Зерттеу мақсаты: шығындардың күтім қызметтерініңинституционализациясына жұмыспенқамтуға әсерін және бюджет кірісінеәсерін модельдеу.

Жоба аясында Қазақстандағы күтімжасау қызметтердіинституционализациялаудыңэкономикалық тиімділігіне баға беру / талдау жүргізілді және үкіметкеұсынымдар жасалды.

CESS 2019 конференциясы, Джордж Вашингтон университеті, қазан 2019 ж., Американдық университеттің экономика саласындағы гендерлік талдау бағдарламасының бірлескен директоры профессор Мики Мёрспен кездесу (Вашингтон, АҚШ).

2019 жылдың қазан айында Гендерлікэкономиканы зерттеу орталығыныңдиректоры Майгүл Нугманова ДжорджВашингтон университетінде ОрталықЕуразиялық зерттеулер қоғамының(CESS) конференциясында баяндамажасады. Панельдік топ: ПрофессорМиике Меурс, Экономика саласындағыгендерлік талдау бағдарламасыныңбірлескен директоры, Американдықуниверситет, Вашингтон; Майкл Броди, Америка университетінің профессоры, Вашингтон; Стэнли Курьер, техникалықкеңесші, IREX, Вашингтон, жоғары білімберу сапасын, жұмыспен қамту жәнеҚазақстандағы еңбек нарығындағыгендерлік мәселелерді талқылады.

Профессор Мика Меурспен кездесу деөтті, онда GERC орталығының дамуы, бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндігіталқыланды.

2019 жылдың 11 қыркүйегінде Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC) университеттің профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлеріне арналған орталықтың таныстыру өткізді.

2019 жылдың 11 қыркүйегінде Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC) университеттің профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлеріне арналған орталықтың таныстыру өткізді. Орталықтың таныстыруы университеттің ғылыми орталықтарымен және институттарымен танысуға арналған ғылыми семинарлардың сериясыаясында өтті.

Орталық басшысы Майгүл Нұғманова орталықтың миссиясы, міндеттері мен қызметі туралы баяндама жасады. Орталықтың зерттеушілері – Айжан Сәлімжанова, Амина Хасанова және Мақпал Бектұрғанова өздерінің зерттеулері туралы сөз сөйледі.

Жазғы мектеп «Жыныстық және репродуктивті денсаулықты ескеретін, жыныстық түрлі жастарға білім беру», Орталық Азиядағы Америка университеті, Бішкек, Қырғызстан, 2019 ж. шілде

Орталық қызметкерлері 2019 жылдың шілде айында Орталық Азиядағы Америка университетінде жазғы мектепке қатысты. Олар «Гендер және даму», «Сексуалдық және репродуктивті денсаулық туралы білім», «Ерте неке және олардың салдары», «АИТВ / ЖИТС және ЖЖБИ-нің алдын-алу», «Қалыңдықты ұрлау», «Гендерлік зорлық-зомбылық» тақырыптары бойынша Орталық Азиядағы Америка университеті, Торонто университетінің мен Киль Қолданбалы ғылымдар университетінің пәнаралық гендерлік зерттеулер мен әртүрлілік институтының (Германия) профессорларының дәрістері мен семинарларына қатысты.

2019-2020 жж. Зерттеуші-стипендиаттарымен бағдарлау сессиясы, 9 шілде 2019 ж

Ғалымдармен алғашқы кездесуде орталық жетекшісі Майгүл Нұғманова экономика саласындағы гендерлік зерттеулер туралы бағдарлы баяндама жасады, ғалымдарының зерттеу жоспарлары туралы алғашқы пікірін берді және ғалымдарға халықаралық сарапшы, Америка университетінің профессоры Мика Меурстың түсініктемесімен таныстырды.

2019 жылғы Халықаралық бизнес және экономика конференциясы (ICBE2019), Йосу, Оңтүстік Корея

Зерттеуші 2018-2019 жж Анель Киреева 2019 жылы шілдеде Оңтүстік Кореяда өткен конференцияға қатысты. Онда ол Орталықтың стипендиялық бағдарламасы аясында дайындаған, «Ерекшелік» сыйлығын алған Қазақстандағы гендерлік жалақы айырмашылығы туралы өзінің зерттеу жұмысын ұсынды.

«Гендерлік экономика саласындағы заманауи зерттеулер» тақырыбында дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел аясында «Сорос – Қазақстан» қорының «Ашық экономика» стипендиясы бағдарламасының түлектерінің әйелдердің, үй шаруашылықтарының экономикасын кеңейту, еңбек бөлінісі, гендерлік жалақы айырмашылығы, гендерлік статистика және бюджет бойынша ғылыми жұмыстарының тұсаукесерлері болды. Бұл бағдарламаның түлектері 2018-2019 жылдар аралығында Нархоз университетінің гендерлік экономиканы зерттеу орталығында оқыды. Ғылыми еңбектердің тұсаукесерінен кейін гендерлік экономика саласындағы сарапшылардың қатысуымен панельдік пікірталас өтті. Атап айтқанда, іс-шарада мемлекеттік органдардың, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының, «Зерттеу» ғылыми-зерттеу институты» қоғамдық қорының және БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының өкілдері сөз сөйледі.

«Қазақстандағы гендерлік экономикаға шолу: әйелдер мен ерлер арасындағы жалақы айырмашылығы» дөңгелек үстелі

21 ақпанда Holiday Inn қонақ үйінде гендерлік жалақы мен әйелдер кәсіпкерлігі мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Нархоз университеті ұйымдастырған іс-шарада 50-ден астам қатысушылар, білім және бизнес өкілдері жиналды, олар спикерлердің сөз сөйлеуіне, панельдік пікірталастар мен желілік іс-шараларға қатысты.

Адам құқықтары күні: әйелдер. Панельдік пікірталас

2018 жылғы 10 желтоқсанда, Адам құқықтары күні қоғамдағы қыздар мен әйелдердің экономикалық жағдайы мен олардың зорлық-зомбылыққа (экономикалық, психологиялық, сексуалдық және тұрмыстық) сезімталдығы, үй шаруасындағы әйелдердің экономикалық құқықтары және гендерлік жалақы айырмашылығы сияқты маңызды мәселелерді талқылау үшін келесі гендерлік сарапшылармен панельдік пікірталас өтті:

«Қазақстандағы тең құқық пен мүмкіндіктер институты» директоры Маргарита Өскенбаева;

Колумбия Университетінің жанындағы Орталық Азиядағы Ғаламдық Денсаулықты Зерттеу Орталығының аймақтық директоры Әсел Терлікбаева;

АҚТҚ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия қауымдастығының жобалар үйлестірушісі Любовь Чубукова;

TEDxAbayStWomen и TEDxYouth AbaySt конференцияларын ұйымдастырушысы Лейла Махмудова.

Сонымен қатар іс-шарада Нархоз студенттері мен студенттері арасындағы «Қазақстандағы әйелдердің құқықтары туралы ең жақсы көрнекі мазмұн» байқауының жеңімпазы Сайро Ахмоллаева марапатталды.

Дәрістер

Нархоз университетінің студенттері мен қызметкерлері үшін жергілікті және халықаралық сарапшылардың қатысуымен гендерлік және экономикалық мәселелер бойынша екі дәріс ұйымдастырылды. Біреуі орыс тілінде – гендерлік сарапшы Аида Алжановадан, ADAM DAMU Қоғамдық қорының президенті, ал ағылшын тілінде – Алматыдағы БҰҰ ЭСКАТО қызметкері Усама Райханнан.

2018-2019 жж. «Гендерлік экономика» пәні

Гендерлік экономика курсының оқу жоспарын орталықтың зерттеушілері жасаған. Экономика бакалавры деңгейіндегі орыс тобынан 25 адам және қазақ тобынан 28 адам 2018-2019 академиялық жылдың көктемгі семестріне қабылданды.