«Болашақты болжауға болмайды, өйткені нақты болашақ болмайды». Бұл пайымдау Джим Дейтордың «Болашақтың бірінші заңы» ретінде танымал. Ол академиялық ғылымының негізі ретінде болашақ перспективаларын зерттеу және стратегиялық форсайт (әрі қарай – форсайт) тәжірибесін қарастырады.

Болашақ перспективаларын зерттеу және форсайт ертеңгі күн (оны бүгінгі күні атқарылып жатқан әрекеттер анықтайтын) мәселелері сұрақтарының шығармашылық және сыни сұхбатын ұйымдастыру құралдары, әдістері және ыңғайларынан тұрады. Болашақ перспективалары және форсайт мақсаты ертеңгі күнді «болжау» емес, болашақты қалыптастыруға бағытталған әрекеттерді анықтау, маңызды шешімдерді қабылдау машықтарын үйрену болып табылады. Мекемелер болашақ перспективалары мен форсайтқа келесі мақсаттарда күннен күнге жиірек жүгінуде:

– анықталмаған оперативті жағдайларды жақсырақ бағдарлану үшін;

– стратегия, жобалау және әрекеттер саясатын дайындау үрдісін жақсарту;

– инновациялар және ұйымдасқан білімді ынталандыру.

«Қазақстан-2050» стретегиясы аясында үкімет «мәдениеттер және өркениеттер сұхбатын» «болашақта жетістікке жету және ықпалды болудың» ұлттық құралы ретінде қолдануға шақырады. Қазақстандық болашақ перспективаларын зерттеу институты (ҚБПЗИ) бұл мақсатты қолдау және мемлекет болашағын анықтайтын жергілікті, ұлттық, аймақтық және ғаламдық мәселелер мен мүмкіндіктерді зерттеу платформасын қамтамасыз ету аясында ашылған.

Көкжиек туралы жалпы қабылданған тұжырымдама орнына біз серіктес қатынастар және жобаларға ыңғайымызды анықтайтын үш құндылықтық бағдарларды қолданамыз:

1) Білуге құмарлық. Ол болашақ перспективалары мен форсайт негізінде жатыр және бұл анықтаушы сипаттаманы барлық іс-әрекеттерімізде жүзеге асыруға ұмтыламыз. Кейбір уақытта бір мезгілде жігерлендіретін және ынталандыратын провокация деңгейінде әрекет ете отырып, білуге құмарлық идеяларды зерттеу құралы ретінде ғана емес, оқытуды уәждеу тәсілі де болып табылады.

2) Коммунализм. Әдетте оны «бірлесіп тамақтану» деп анықтайды; ол серіктестік қатынастар және өзара байланыстардың қалай қалыптасып, қолдау алатынына бағытталған. Біз білімді бірлесіп жинау үрдісін жүзеге асыру мақсатында әртүрлі топтармен, азаматтар және әріптестермен берік, жемісті әрі өзара тиімді қатынастар орнатқымыз келеді. ҚБПЗИ өзінің тәжірибелік қызметінде тек ынтымақтастыққа ғана емес, сонымен бірге бірлескен шығармашылыққа да ұмтылады.

3) Контекстуализация. Бұл аспект біз не істеп жатырмыз және қалай жасап жатырмыз деген сұрақ тудырады. Ақырында констектуализация айналамыздағы орындар мен адамдарға ерекше көңіл аудара отырып этикалық әрекеттерді таңдауға мәжбүр етеді. Тіл контекстпен анықталатындықтан ҚБПЗИ қазақ, орыс және ағылшын үш тілде жұмыс жасауға және оқытуға ерекше көңіл аударады.

  1. Қазақстан, Орталық Азия және тысқары мемлекеттер аумақтарында болашақ перспективаларын және форсайтты зерттеуді көпшілікке тарату.
  2. Университетке, жергілікті қауымдастыққа және Қазақстанға пайда әкелетін өзара тиімді серіктестік қатынастар орнату.
  3. Студенттерге болашақ перспективаларын және форсайт оқыту, университеттер және жергілікті қауымдастыққа тренингтер жүргізу.
  4. Болашақ перспективалары және форсайт саласында инновациялық және тиімді зерттеулер жүргізу.
  5. Нархоз университетінің Орталық Азияда жетекші жоғары оқу орны болу мақсатына жетуіне септесу.
null

Д-р Джон А. Суини

Директор

Доктор Джон А. Суини – бір қатар марапаттарға ие болған автор, әзірлеуші және футурист. Практик, консультант және оқытушы ғана болып қоймай, Джон алты құрлықта орналасқан 40 мемлекеттен аса форсайт ойын жүйелерін қолдана отырып көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен семинарлар, практикумдар және жобалар ұйымдастырып, жүргізген. Қазіргі таңда Джон Қазақстан, Алматы қаласында орналасқан Нархоз университеті Бизнес мектебінің доценті, сонымен бірге Қазақстандық болашақ перспективалары институтының директоры болып табылады.

 

Джон көптеген университеттермен, даму және гуманитарлық көмек жөніндегі халықаралық агенттіктермен, коммерциялық емес қорлармен, Fortune 500 тізіміндегі компаниялармен, сондай-ақ Duke Corporate Education, Еуропалық комиссияның біріккен зерттеу орталығы, Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Федерациясы, ЮНЕСКО және БҰҰДБ (ПРООН) секілді білім беру және мәдени ұйымдармен жұмыс істеді. Сонымен қатар, оның мемлекеттік секторда және мемлекеттік қызметте форсайт пен инновациялармен айналысатын бөлімшелермен жұмыс істеу тәжірибесі бар, олар: Болашақтың стратегиялық перспективаларының Сингапур орталығы, Грузияның мемлекеттік қызметті дамыту жөніндегі агенттігі және Мұхаммед бен Рашид атындағы Дубай үкіметтік инновациялар орталығы.

Маноа қаласындағы Гавай университетінде «Болашақ перспективаларын зерттеу», «Саясаттану» және «Әлемдік діндер» пәндерінен бакалавр студенттеріне сабақ берген. Сонымен бірге Джон Гавай Болашақ перспективаларын зерттеу орталығының ғылыми қызметкері болды. 2014 жылдан бастап 2018 жылға дейін Джон Постдағдылы саясат және болашақ перспективаларын зерттеу орталығы директорының орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылы Джим Дейтор басшылығымен болашақ перспективалары және форсайт тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Джон Әлемдік болашақ перспективаларын зерттеу федерациясының және кәсіби футуристер қауымдастығының мүшесі болып табылады. Оның мақалалары Futures, The Journal of Futures Studies сияқты журналдарда және басқа да академиялық және медиалық басылымдарда бірнеше рет жарияланды. Ол Твиттерде @aloha_futures трендтер, туындаған мәселелер және көкжиектің сыртында әлі жасырылған мәселелер туралы жазады.

Қауымдастырылған оқытушылар

null

Д-р Елена Музыкина

Директор орынбасары
null
Section

Д-р Елена Музыкина практикалық секілді теориялық және білім беру қызметімен айналысады. Оның банк секторы (Центркредит Банкі), жеке және халықаралық бизнес (LogyCom, Dandy Distribution, Stimorol, Cadbury ApS), сауда, тендерлерге дайындық және қатысу сияқты түрлі салаларда кең тәжірибесі бар. Соңғы 15 жылда ол гуманитарлық және әлеуметтік пәндер саласында маманданған. Елена исламтану саласында докторлық дәрежесі бар (Ph.D): әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде алынған;  философия ғылымдарының кандидаты (РХДУ, Мәскеу қ.); сонымен қатар Эндрюс атындағы университетінде  мәдениетаралық зерттеулер саласында магистрлік білім алған және тарих, тіл білімі, экономика және теология саласындағы бірнеше басқа да ғылыми дәрежелері бар. Қазіргі уақытта ол Қазақстандық болашақ перспективаларын зерттеу институты директорының орынбасары (Алматы қ., Қазақстан) болып табылады.

null

Д-р Нурлыхан Альджанова

Аға ғылыми қызметкер
null
Section

Д-р Нұрлыхан Әлжанова Қазақстандық болашақ перспективаларын зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану  және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, магистрлік және докторлық бағдарламалар жетекшісі, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Жоғары аттестаттау комиссиясының хатшысы болып табылады. Сонымен қатар Еуразиялық дінтану журналының редакциялық алқа мүшесі, World Futures Review журналының Орталық Азияның болашағына арналған арнайы басылымына шақырылған редактор болып табылады.

Оның әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде алынған мәдениеттану саласында докторлық дәрежесі (PhD) және дінтану саласында магистр дәрежесіне ие.

null

Айгерим Р. Сансызбаева

Ғылыми қызметкер
null
Section

Әйгерім Нархоз университетінде базалық білім беру факультетінде оқытушы болып жұмыс істейді, онда «Адам және әлем», «Қоғам және саясат» және «Ғылыми жұмысты жазу» сияқты пәндерді оқытады. Оның әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесі және сапалық және сандық зерттеулер жүргізу тәжірибесі бар. Ол өзінің магистрлік жұмысын Қазақстандағы жоғары білім беру тақырыбына арнады. Әйгерім, сондай-ақ, мектепте білім беру саласында біліктілікті арттыру мәселелерімен айналысып, талдаушы және зерттеуші болып жұмыс істеді.

null

Адите Прабхакар

Штаттан тыс ғылыми қызметкер
null
Section

Адити Прабхакар – Үндістанның инженерлік ғылымдар мен технологиялар институтының Сәулет, қалалық және аймақтық жоспарлау кафедрасының зерттеушісі, Шибпур қ., Үндістан. Ол тәжірибелі сәулетші және қала құрылысы маманы болып табыдаы. Ол Үндістанның үкіметі Адам ресурстарын дамыту министрлігі жанындағы ұлттық маңызы бар Патна Ұлттық технологиялық институтының сәулет факультетін тәмамдаған. Адити «Қалалық және аймақтық жоспарлау» мамандығы бойынша жоспарлау саласында магистр дәрежесін Шибпур Үнді инженерлік ғылымдар және технологиялар институтында (IIEST) және MHRD жанындағы ұлттық маңызы бар тағы бір институтта алды.

null

Д-р Хосе Мария Рамос

Халықаралық аға ғылыми қызметкер
null
Section

Доктор Хосе Мария Рамос «Action Foresigh» бутик-форсайт-консалтингінің директоры. Ол – «Futures Studies» журналының аға редактор-кеңесшісі, сондай-ақ Саншайн-Кост университетінің аға адъюнкт-профессоры. Сингапурдың Ұлттық университетінде (Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебі), Суинберн технологиялық университетінде (Австралия), Леуфан университетінде (Германия), Саншайн-Кост университетінде (Австралия)  және Виктория университеті (Австралия) болашақ перспективаларын зерттеу, мемлекеттік саясат және әлеуметтік инновациялар бойынша дәрістер оқыды. Оның экономикалық, мәдени және саяси өзгерістерге, болашақ зерттеулеріне, мемлекеттік саясат пен әлеуметтік инновацияларға арналған академиялық және танымал журналдар мен кітаптарда 50-ден астам жарияланымдары бар. Хосе әлеуметтік форумның негізін қалаушылардың, әзірлеушілер зертханасының, қоғамдық ресурстарды басқару құқығын қорғау жөніндегі топтың, футурист-жаңашылдарға арналған көшбасшылық дағдыларды дамыту жөніндегі топтың, сондай-ақ көптеген азаматтық қоғам ұйымдарының қатарына кіреді.

null

Д-р Эми Флетчер

Халықаралық ғылыми қызметкер
null
Section

Д-р Эми Флетчер – Кентерберий университетіндегі (Жаңа Зеландия) саясаттану доценті және кәсіби футурист. Оның құзыреттілік саласы – жасанды интеллектке, биотехнологияға, ғылымды алдын ала басқару мен қоғамдық қабылдауға бағытталған ғылыми-техникалық саясат. Ғылыммен айналысқанға дейін ол Құрама Штаттар Өкілдер палатасында (1995/96) телекоммуникация және технологиялар саласындағы заңнамалық мәселелер бойынша ассистент болып қызмет атқырды. Эми «Геномиканың жаңғыруы және революциясы: талап бойынша өмір» (DeExtinction and the Genomics Revolution: Life on Demand,2020) кітабының, сондай-ақ ғылыми-техникалық саясат бойынша мақалалардың авторы. Ол «Politics and Life Sciences Journal» журналының соредакторы және «Human Futures» журналының болашақ перспективалар бөлімінің редакторы болып табылады.

null

Кэти Кюриэль

Аға ғылыми қызметкер
null
Section

Кэти Кюриэль жұмысы Нархоз университеті мен жалпы Қазақстанның жаһандық әлеуетін арттыру және ғаламдану бойынша кеңесші, сонымен қатар Нархоз бизнес мектебінің аға оқытушысы ретінде, студенттердің халықаралық мансабын дамытумен, бизнес-стратегиямен, болашақ перспективаларымен және форсайтпен айналысады. ҚБПЗИ-мен серіктестіктік оған жоғары курс студенттері үшін оқу курстарын ұйымдастыруға, оқу бағдарламаларын әзірлеуге, серіктестік қатынастарды дамытуға, жергілікті және халықаралық аудиториялар үшін тренингтер өткізуге қатысуға мүмкіндік береді. Осындай оқиғалардың қатарында Онкология саласындағы Дүниежүзілік көшбасшылар саммиті (2019 ж.) және Азия даму банкімен бірлесіп ұйымдастырылған Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы болашақ перспективасы мәселелері бойынша практикалық семинар (2020 ж.). Кэти Нархоз университетінің тұрақты даму жөніндегі инициативалық комитетінің мүшесі. Ол Аризона штатының университеті, Халықаралық білім беру институты және Фулбрайт бағдарламасы сияқты 120-дан астам елдің және АҚШ-тың жетекші ұйымдарының серіктестерімен және студенттерімен жиырма жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Ол түрлі елшіліктердің өкілдерімен, дипломаттармен және әлемдік көшбасшылармен жұмыс істеуге тура келді. Оның негізгі білім саласы жаһандық даму, халықаралық білім беру және жаһандану, экологиялық тұрақтылық, технологиялық даму және адами әлеуетті дамыту жағдайында бизнесті дамыту болып табылады.

  • Азиялық даму банкі – жүзеге асқан жобалар, болашақ ынтымақтастық жоспарлары;
  • Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – қазіргі зерттеулер;
  • Вестминстер халықаралық университеті жанындағы Саясат, зерттеу және насихаттау орталығы (Ташкент, Өзбекстан) – жобалық ұсыныстар бойынша ынтымақтастық;
  • ИНТЕРПОЛ – кеңес беру клиенті;
  • Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті (Алматы, Қазақстан) – өзара ынтымақтастық, жобаларды жоспарлау бойынша келісім-шарт;
  • QazTech Ventures – жүзеге асқан жобалар;
  • Ресей Жинақ банкі – жүзеге асқан жобалар, болашақ ынтымақтастық жоспарлары;
  • БҰҰ – Түрікменстан және Өзбекстанда жүзеге асқан жобалар; ЮНЕСКО тапсырысымен болашақ перспекивалары және форсайт кафедрасы өтінімін дайындау.
  1. «Орталық Азияның болашағы»: Routledge баспа үінде Джон Суини және Анжан Гош редакциясымен мемлекеттік және жеке секторлар үлгілерінен тұратын баспа жобасы (ұсыныс орындалуда)
  2. «Мемлекеттік қызметтің болашағы»: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлескен ғылыми-зерттеу серіктіс жобасы
  3. «Қазақстанның Жаңа мамандықтар атласы»: BTS-Education және Duma Research компаниясымен ынтымақтастық
  4. «Орталық Азия мұсылмандарының болашағы»: жетекші Елена Музыкина
  5. «Алматы болашақ перспективалары»: QLab қалалық жоспарлау бөлімімен ынтымақтастық (коронавирус туғызған төтенше жағдайға байланысты тоқтатылған)
  6. «Араласушы болашақ»: NESTA қаржылық қолдауымен былтыр Джон Суини жүргізген баспа жобасы
  7. Аэродинамикалық құбыр әсері туралы мақала: Джон Сингапур Ұлттық университеті әріптесімен бірге мақала жазуда (корпоративті ұсыныстарға назар аударылады)