Нархоз бен Ұстаз университеті арасындағы тәжірибе алмасу күні

Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің «Имидж және қоғаммен байланыс» басқармасының басшысы Сансызбаев Нұрлан және баспасөз хатшысы Рысбек Лаура тәжірибе алмасу мақсатында Нархоз Университетіне келді.

Кездесу экскурсия мен ашық әңгімелесу форматында өткен болатын. Нархоздың PR және сыртқы коммуникациялар бөлімінің қызметкелері мен қонақтар арасында PR саласының қыр-сыры талқыланып, университетіміздің аймағында орналасқан MediaLab, We Art және өзге де студенттердің дамып, шыңдалуына мүмкіндік беретін орталықтар таныстырылды. Сондай-ақ, делегация өкілдеріне Нархоздың күнделікті тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін бөлімдердің жұмысына шолу жасалынды.

Тараздық әріптестерге Нархоз Университетінің Әңгіме барысында, екі тарап бірнеше бастамаларды жоспарлап, олардың орындалу барысы талқыланды. ТарМПУ — жоғары деңгейдегі педагогтарды дайындайтын бәсекеге қабілетті оқу орны. Жаңа брендтік атаумен, креативті дамуға жұмыс жасап жатқан «Ұстаз университеті» осы тұрғыда алға тың жоспарлар дайындауда. Нархоз Университеті, өз кезегінде,мұндай қадамдардың жүзеге асуы үшін тәжірибесімен бөлісіп, қолдауға әрдайым дайын.

Опубликовано
В рубрике Новости