Нархоз Халықаралық бейбітшілік күніне арналған жаһандық акцияны қолдады

21 қыркүйек жыл сайын Халықаралық бейбітшілік күні ретінде атап өтілетінін білесіз бе? Биыл ол климаттың өзгеруіне арналған. Бұл тақырыптардың ортақ ештеңесі жоқ сияқты көрінуі мүмкін, бірақ бұл, шың мәнінде, солай ма?

XXI ғасырда дәстүрлі соғыстардан басқа, кішігірім дегенмен әсері мол жанжалдардың саны көп. Бұл жанжалдардың жаһандану үдерістер кезінде ықпал көлемі жоғары. Жергілікті экожүйелерге деген зияңы да бар. Сондықтан, дүниежүзі бойынша ғалымдар коғамға әсерін қаншалықты кішірейтуге болатынын зерттеуде. Осы мәселелерді қарастыру мақсатында, 20 қыркүйек күні, “Қоғам, технологиялар мен экология” мектебі БҰҰ-дың Ақпараттық бюросымен бірігіп бейбітшілік пен климат өзгеруінің өзара байланысы туралы талқылау өткізді.

Шара барлық жанжалдар құрбандарын еске алу минутымен басталды. Бұл бастама бүкіл әлемде орын алған. Мектеп деканы кіріспе сөзін тәмәмдаған соң, “Тұрақты Қазақстан” зерттеу институтының кеңесшісі Брендан Дюпрей талқылауды климат өзгеруін сипаттайтын статистикалық мәліметтер мен олардың жаһандық қауіпсіздікке ықпалы туралы презентациясымен бастады. Бұл тақырыпты әрі қарай БҰҰ Ақпараттық бюросы өкілі Властимил Самек мырза жалғастырып, Қазақстанда орын алған мысалдармен бөлісті. Алина Бородина, Дмитрий Ким және Гауһар Нұрша сынды Нархоз университетінің сарапшылары да өз түйіндемелерін айтты. Талқылау мүшелерінің алуан түрлі тәжірибелері климат өзгеруіне сан жақтан сипаттау мүмкін қылдырды: ас суының жетіспеушілігі, Алматы қаласындағы ластанған ауа мәселесі және университетке мүмкін ең маңыздысы – жастардың жаһандық мәселелерді шешу барысындағы үлесі. Самек мырза айтқандай: “Жаһандық деңгейде ойланып, жергілікті деңгейде әрекет жаса.”

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, бұл мәселелер бойынша Нархоз студенттері арасында «Climate Action 4 Peace» эссе байқауы өтіп, 20-дан жуық жұмыстар түсті. Университет және серіктестер тарапынан сыйлықтар ұсынылуымен бірге салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Жүлделі орындарға ие болған келесі студенттерді тағы бір рет құттықтаймыз:

1 орын — Вадим Меляков

2 орын — Мирзоев Кямран, Кэтрин Рулич

3 орын — Арайлым Жеткербаева, Еркебұлан Тұрғанбай, Зарина Лаикова

Опубликовано
В рубрике Новости