Жыл өткен сайын урбанизациялану деңгейі әлемде қарқынды өсіп келеді. Ғалымдардың пайымдауынша, 2050 жылға қарай Жер тұрғындарының 70%-ы ірі қалаларда өмір сүретін болады. Сондай-ақ, олардың көп бөлігі негізінен Азия мен Африка құрлығында шоғырланып, әлем халықтарының 80%-ы азиялықтар мен африкандықтар болады екен. Бұл жағдай отын кеніштерін тұтынумен тығыз байланысты болатын экономикалық өсімге әкелетіні сөзсіз. Ұзақ мерзімді бұл үрдістерден Азия мен Африкадағы елдердің ірі басты қалалары болашақта энергияны тұтынуды жедел түрде арттыра түсетінін, ал оның нәтижелері ауа сапасына кері әсер ететінін көруге болады. Алматы да ауадағы қауіпті заттардың (ТЧ 2,5) жоғары деңгейінен және ауаның ластануынан зардап шегіп отырған қалалардың қатарында.
Осыған байланысты үкімет негізделген саяси шешімдер қабылдап, болашақтағы тұрақты дамуымызды болжауы үшін нақты мәліметтермен жұмыс істейтін технологияларды қолдануға деген түбегейлі қажеттілік бар. «Тұрақты Қазақстан» зерттеу институты мемлекеттік органдар мен жеке сектордағы зерттеу институттарының және субъектілерінің басын біріктіріп, негізделген саясат жүргізу үшін ауа сапасына монитторинг жасауда және оны анықтауда қолдануға болатын ғылыми технологияларды ұсынуға барынша күш салып келеді.
Орталық Азиядағы жетекші зерттеу институттардың бірі бола отырып, урбанизациямен байланысты жаһандық сын-тегеуріндерге арналған іс-шаралардың бірін өткізу орны ретінде Нархоз Университеті таңдалып алынып отыр. «Тұрақты Қазақстан» ғылыми-зерттеу институты, сондай-ақ, Қоғам, технологиялар мен экология мектебі UN Habitat және Хельсинка Университетімен, БҰҰ-ның Экологиялық бағдарламасымен бірлесе отырып, 11 ақпан күні Абу-Дабиде 12.30-дан 13.30-ға дейін «Экономикасы дамушы және инновациялық технологиялар әлеуеті бар елдердегі ауа сапасы мәселелерін шешу» деген атпен секция жұмысын өткізеді.
World Urban Forum қазіргі уақытта әлем алдында тұрған өткір мәселелердің бірі: қарқынды урбанизация және оның қоғамға, қалаға, экономикаға, климаттың және саясаттың өзгеруіне әсері мәселесін шешу мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен 2001 жылы құрылған болатын.
Форумға осы мәселемен айналысатын әлемнің танымал жетекші зерттеушілері, саясаткерлері мен мемлекеттік емес ұйымдар қатысады. Бұл жылғы іс-шараның өту орны болып БАӘ, Абу-Даби қаласы белгіленді. 164 елден 24 000 делегат келеді деп күтілуде.
Нархоз Университетінің атынан бұл мәртебелі іс-шараға қатысатындар:
Брендан Дюпрей, Қазақстанның тұрақты дамуы институтының директоры
Альмира Даулбаева, «Экология» ББ Қауымдастырылған профессор
Осымен қатар өтетін келесі іс-шарадағы топ Азия мен Африканың экономикасы дамушы жекелеген елдеріндегі ауа сапасы мәселесін ұсынады.
Хельсинки Университетінің өкілдері ауа ластануының ірі- және шағынауқымдылығын өлшеуге және анықтауға арналған алдыңғы қатарлы технологияларды көрсетеді. Бұл жұмыс болашақта Алматы сияқты қалаларда осы бағыттағы саясатты анықтауда қолданылуы мүмкін. Іс-шара аясында «PM 2.5 үшін краудсорсинг өткізуге арналған әлемдегі ең үлкен платформа» тизерін көрсету жоспарланып отыр.
Өтетін уақыты: 11 ақпан, 12:30 — 13:30
Өтетін орны: 2-зал, 7-зал, Абу-Даби Ұлттық көрме орталығы
Бірлескен ұйымдастырушылар: Хельсинки Университеті, UN Habitat, БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Бағдарламасы