Нархоз университетінің COVID-19 вирусына қатысты қоғамдастыққа арналған мәлімдемесі

Нархоз университеті COVID-19 әлемдік вирусы негізінде туындауы мүмкін салдарға дайындық үстінде.

Бұл коммюникені жазу кезінде Қазақстанда COVID-19 ауруының расталған жағдайлары болған жоқ. Біз өз студенттеріміз, оқытушыларымыз бен қызметкерлеріміз тікелей қауіп төндірерлік жағдайда немесе қандай да бір маңызды іс-әрекеттер жасауға тиіспіз деп санамаймыз. Дегенмен, біз әрқашан мүмкін болатын жағдайларға дайын болуымыз керек деп есептейміз.

Нархоз университеті мүмкін сценарийлерді дайындау үшін не жасайды дегенді айтпас бұрын біз адамдар өздерін қалай қорғауы қажет туралы жалпы ақпаратты берген дұрыс деп санаймыз.

Келесілерден хабардар болыңыз:

  • Халықаралық жаңартулар – https://www.who.int/westernpacific/emergencies/novel coronavirus
  • Сақтық қорлар (ресурстар) – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) – https://www.who.int/health-topics/coronavirus

Жалпы ақпаратты ұсынумен қатар, Нархоз университеті осы семестр ішінде оқу сабақтарын бірталай уақыт бойы жүйелі түрде өткізе алмайтындай жағдайға дайын болуы тиіс.

Бұндай жағдайда Нархоз университеті өзінің онлайн-платформаларын пайдалана отырып, оқу үдерісін келесідей түрде жалғастыруға дайын болады:

  1. Қажет жағдайда курстың материалдары Moodle порталы арқылы студенттердің қол жеткізуі үшін қолжетімді болары сөзсіз.
  2. Moodle платформасы вебинарлар стилінде онлайн-дәрістер өткізуге мүмкіндік береді, ал оқытушылар осы форматта сабақ жүргізуге дайын. Егер біз осы форматты жандандыруымыз керек болса, онда студенттердің өздеріне қажетті қол жетімділікке ие екендігіне көз жеткізуі тиіс.
  3. Егер емтиханды немесе басқа да бір кестені өзгерту қажет болса, онда студенттер одан тез арада хабардар етіледі.

Біз COVID-19 айналасындағы жағдайды үнемі қадағалап отырмыз және жаңартулар туралы дерек алынса, онда онымен Сіздерді дереу хабардар етеміз.

Қазіргі таңда Нархоз университеті Қазақстандағы университеттік жүйе үшін салмақты тәуекелдер бойынша қандай да бір нақты ақпаратқа немесе нұсқаулыққа ие емес. Алдын алу мақсатында, әрі қолдан келгенше сақтық шараларын қабылдаймыз, өйткені біз қаншалықты мүмкін болса, соншалықты дайын болғанымыз дұрыс.