18 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерұлан Жамаубаев қаржы министрі қызметіне тағайындалды. Осы уақытқа дейін қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған болатын
Ерұлан Кенжебекұлының кәсіби жолы біздің білім ордамызбен тікелей байланысты. 1996 мен 1998 жылдар аралығында жаңа министр «Қаржы» кафедрасының оқытушысы ретінде танылса, 2009 жылы Нархоз Университеті Бизнес мектебінің «Стратегиялық менеджмент» бағыты бойынша басқару саласының магистрі атанды.
Айта кететін жайт, қазіргі министрлер кабинетінің құрамында тағы да бір Университетіміздің түлегі бар. Ол — Нархозда «Экономика» мамандығы бойынша шыңдалған Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мырза.
Ерұлан Кенжебекұлын жаңа қызметімен құттықтай отыра, жемісті де жеңісті жұмыс тілейміз!