Нархоз және РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің қосдипломдық бағдарламасы іске қосылмақ

Бүгін Нархоз университеті мен Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университеті арасында «Халықаралық экономикалық құқық» бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.

Құжатқа қол қою рәсіміне университетіміздің ректоры Эндрю Вахтель және Қаржы университеті басшысы Михаил Эскиндаров қатысты. Сондай-ақ, осындай айтулы іс-шараның делегация мүшесі ретінде Құқық және мемлекеттік басқару факультетінің деканы Станислав Буянский мен Халықаралық даму және түлектермен жұмыс жөніндегі басқарма басшысы Жайлагүл Сағындықова танылды.

Аталмыш келісімнің шарттарына сәйкес, болашақ заңгерлер  1,2 және 4 курстарда университетіміздің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінде, ал 3-ші оқу жылын Мәскеудегі ЖОО-ның заң факультетінде өткізеді. 4 курсты аяқтағаннан сәтте түлектер толыққанды екі диплом ала алады.

«Біздің мектеп халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты дамытуға ерекше мән беретінін атап өткім келеді. Қаржы университетімен қос диплом бағдарламасының ашылуы — Ресейдің жетекші университеттерінен қажетті білім мен дағдыларды алуға тамаша мүмкіндік. Сонымен қатар, студенттер тек үшінші курстың ақысын төлеу арқылы, Мәскеу университетінің дипломын оның нақты бағасынан 4 есе арзан алатындығын ескерген жөн», — дейді Станислав Буянский. Осы жылдан бастап Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің студенттері оның алғашқы қатысушылары атануға мүмкіндігі бар.

Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы университеті — Ресейдегі ең ірі ғылыми және білім беру кешендерінің бірі, оның тарихы 1919 жылдан бастау алады. Қазіргі таңда 16 факультетте, 14 оқу және ғылыми бөлімдерде, екі колледжде, лицейде және 27 филиалда 45 мыңға жуық студент оқуда. Бакалавриаттың 37 бағдарламасы мен 60-қа жуық магистрлік бағдарламаларды ұсына отыра, Университет Ресейдің ең үздік 20 жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.

Опубликовано
В рубрике Новости