Нархоздың көшірілуі туралы маңызды хабарландыру

Құрметті студенттер, оқытушылар және әріптестер!

Сіздерді жаңа семестрдің басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

2020 жылдың ақпан айында университетіміздің бас корпусында жөндеу жұмыстары басталатынын хабарлап өткім келеді.

Осыған орай, барша бөлімдер мен оқу процесі 1-ші ықшамаудан, 81 мекен-жайы бойынша орналасқан ОЛК-2 ғимаратына көшіріледі. Қысқы демалыс уақытында бұл корпуста интерьерді жаңалау жұмыстары жүргізілді. Аталмыш жетілдірулер академиялық ахуалға оң септігін тигізіп, жайлылық орнатады деп сенеміз.

Бас ғимараттағы құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталады.

Реконструкция барысында әлемдік үлгідегі оқу ғимараттарын салу озық тәжірибесі ескелеріледі. Жаңа кампус теңдесіз шығармашылық орта қалыптастырып, Университіміздің басты құндылықтары: пікір еркіндігі, қоғамға ашықтық, тұрақты даму және тек академиялық бағытта ғана емес, сонымен бірге қаланы урбанизациялауға бағытталған креативті тәсілдемені айқындайды деген үмітіміз зор.

Біз Орта Азиядағы жетекші университетке айналуды жоспарлап отыр. Бәріміз бірге болсақ, Нархоз бұдан да зор табысқа жетеді деп сенемін!

Сіздерге жемісті қызмет пен оқу бағдарламаларын сәтті меңгерулеріңізді тілеймін!

Ректор, Эндрю Вахтель

Опубликовано
В рубрике Новости