Narxoz Challenge жеңімпаздары

Осымен 5 жыл қатарынан университетіміздің студенттері қатарына Narxoz Challenge бәйгесінің жеңімпаздары қосылуда. Айта кететін жайт, биылғы жылдан бастап әр қатысушының Narxoz Challenge Test-нен бөлек, ҰБТ нәтижелері ескерілетін болады. Университетіміздің 35 студенті 100% және 50% көлеміндегі жеңілдікке ие болды. Жобаның серіктестері ретінде «Верный Капитал» және «Форте Банк» танылды.
Негізгі бәйгенің 35 жүлдегерлерінен бөлек, 4 студент Б.Ж.Өтемұратов атындағы «Болашақ бизнес-көшбасшылары» атты арнайы шәкіртақының иегері атанды. Олар сайыстың сұхбаттасу және эссе сатыларынан сүрінбей өтіп, жеңімпаз болуға лайықты екендігін дәлелдей түсті.
Narxoz Challenge — жыл сайынғы өзгеден оқ бойы биік тұрып, білім көгінде жетістікке жеткен дарынды мектеп түлектерін ынталандыру мақсатында өткізілетін сайыс болып табылады. Жүлдегерлер тізімі төмендегі сілтемелер бойынша:
Опубликовано
В рубрике Новости