Narxoz Talent Show — 2020 бастау алмақ

Студенттер ісі жөніндегі Деканат «Narxoz Talent Show — 2020» онлайн конкурсын өткізетінін хабарлайды. Байқау 3 кезеңде өтеді:

  1. Өтінімдерді жинау (30 наурыздан 14 сәуірге дейін). Қатысуға өз өтінімін қалдыру үшін #Narxoztalentshow2020 хэштегімен инстаграм парақшаңызға бір минуттық видео жүктеп,@Narxoz_life парақшасын белгілеу қажет
  2. Жеке тыңдау (14 сәуірден 20 сәуірге дейін), шоу-бизнес жұлдыздары қатысуымен кәсіби іріктеу
  3. Қорытынды гала-концерт сәуір айының соңына жоспарланған

Өткізу орны қосымша хабарланады. Карантин ұзартылған жағдайда гала-концерт онлайн режимде өтуі мүмкін.

Байқау 4 бағытта өтеді:

  1. Вокал
  2. Би
  3. Аспаптық ойын
  4. Креативті бейнебаян (вайн, Тик-Ток және т.б) ⠀

Әр бағыттың жеңімпаздары 100 000 теңге көлемінде сыйақы алады. Конкурс ережелерімен сілтеме арқылы таныссаңыз болады. Университет жұлдызы болу мүмкіндігін жіберіп алма!

Опубликовано
В рубрике Новости