Наурыз мерекесімен құттықтау

Құрметті студенттер мен әріптестер!

Сіздерді ақтың молаятын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңейетін кезеңі — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Көктің тынысын тыңдап, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған.

Наурыз– бірлік пен татулықтың, ізгілік пен бақыттың нышаны. Биылғы мейрамды тағдырдың тосынымен қарсы алып жатқанымыз анық. Сондықтан университетіміздің профессорлық-оқытушылық құрамы мен барлық қызметкерлеріне қажымас әрі жемісті қызметі үшін, ал студенттерімізге түсіністік мен көмегі үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Ұлыстың ұлы күні баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құруына тілектеспіз! Келер жыл Сіздің барлық бастамаларыңызға ақ жол ашып, жетістіктерге толы болғай !

Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын!

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, университет қызметкерлері ертеңгі 17: 00-ге дейін байланыста болатындығын хабарлаймыз. 20-25 наурыз аралығында тек университеттің Қауіпсіздік және жатақхана қызметкерлері жұмыс істейтін болады.

Опубликовано
В рубрике Новости