Онлайн оқыту жүйесіне ауысу туралы маңызды ақпарат

Құрметті Нархоз университетінің студенттері мен қызметкерлері!

Ректордың бұйрығына сәйкес, Нархоз университеті COVID-19(2019-nCov) вирустық инфекциясының жаппай таралуын болдырмау үшін арнайы жұмыс режиміне ауысады:

  • Барлық деңгейлерінде оқыту 16.03.2020 ж. бастап Moodle қашықтықтан оқыту платформасы арқылы(https://narxoz.online)  (онлайн) арқылы жүзеге асырылады.
  • Барлық қоғамдық шаралардан бас тартты.

Осы уақыт аралығында оқытушыларыңыз және деканатпен электрондық пошта немесе телефон арқылы байланыста болуларыңызды сұраймыз. Диссертациялық жұмыстар, тағылымдамадан өту және қайта қабылдау тоқтатылып, кітапхана мен оқу залы жабық болады. Оқу процессіне қатысты мәліметтер пошталарыңызға жіберіледі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда аумағындағы коронавирус инфекциясын жұқтыру фактілері тіркелген жоқ. Сабырлық сақтап, университет сайтындағы ресми ақпаратты бақылауларыңызды сұраймыз.

Опубликовано
В рубрике Новости