Студенттер үйін уақытша босату туралы ақпарат

Құрметті студенттер!

Еліміздің аумағында төтенше жағдай режимі, ал Алматы қаласында карантин енгізілген болатын.

ҚР  «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 2-тамыздағы № 38 Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» № 285 Жарлығына сәйкес, мемлекеттік комиссия қосымша шаралар мен уақытша шектеулер ретінде заңды тұлғалардың ресурстарын тартуға, ал ерекше жағдайларда мүлікті реквизициялау құқығына ие екендігін хабарлаймыз.

КЕАҚ «Нархоз университеті» меншігіндегі Студенттер үйі (Алматы қ., 1 шағын аудан, 83А) ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясының уақытша пайдалануына берілді. Осыған орай, үй-жайларды жедел босату қажеттілігі туындады.

Бөлмелеріңізде қалған барлық заттар жатақхана коменданттарымен пакеттерге/қораптарға жиналып, сондай-ақ Университет әкімшілігі және Қауіпсіздік бөлімі өкілдерімен таңбаланып, пломбаланған күйінде қоймада сақталады.

 

Түсіністікпен қарауларыңызды сұрай отыра, баршаңызға денсаулық тілейміз!

Опубликовано
В рубрике Новости