Студенттерге 42500 теңге көлеміндегі көмек алу жолы

Төтенше жағдайға байланысты табыс көзінен  айырылып қалған студенттер 42 500 теңге төлем алуға өтініш бере алады.

Ол үшін стипендияның бар-жоғы тексерілмейді. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

«Төтенше жағдайға байланысты 42 500 теңге төлем беруде студенттер деген санат жоқ. Олар – еліміздің кәмелет жасқа толған азаматтары. Еңбек кодексіне сәйкес, 16 жастан бастап жұмыс істеуге болады. Студенттер стипендия алу не алмауына қарамастан олардың жұмыс істеуіне ешқандай кедергі жоқ. Ондай шектеу де қойылмайды. Сондықтан көптеген жастар оқу процесіне кедергі келтірмейтін уақытта жұмыс істейді. Көбісі мейрамханаларда немесе сатушы болып істейді. Оның ішінде ресми немесе бейресми жұмыс істейтіндері бар. Сондықтан студенттерге жалпы барлық азаматтар секілді тәртіп тарайды», — деді министр. Дереккөз

Өтініш берерден бір күн бұрын бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жасау керектігін еске саламыз.

Опубликовано
В рубрике Новости