Студенттік Кеңес мүшесі атанғыңыз келе ме?

Егер Сіз Нархоз университетін жаңа деңгейге шығарғысы келетін студенті болсаңыз, онда бұл жаңалық сіз үшін!

Университетінің белсенді және шығармашыл жастары Студенттік кеңестің мүшесі атана алады. Кеңес университеттің басқару жүйесінде студенттердің мүдделерін қорғауға бағытталған.

Іріктеуге күндізгі бөлімнің 1-2 курсы студентітері қатыса алады.

Қатысу шарттары:

  1. Сілтеме бойынша тіркеуден өту
  2. Төмендегі құжаттарды studentlife@narxoz.kz поштасына жіберу
  • GPA > 2,65 дәлелдейтін анықтама;
  • Сайлау алды бағдарламаңыздың бейне ролигі < 2 мин.;
  • Резюме;
  • Өз мектебіңіздің/факультетіңіздің кемінде 3 студентінен ұсынымхаты.

Өтінімдер сәуірдің 8-і мен 17-сі аралығында қабылданады.

Опубликовано
В рубрике Новости