Алматыда «Жастар Отанға» атты инновациялық идеялар фестивалі өтті

«Болашақ» қауымдастығы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министірлігімен бірлесе отыра, осымен үшінші рет, «Жастар Отанға» атты инновациялық идеялар фестивалін ұйымдастырды. Бұл іс-шараны КИМЭП университетінің ғимараты қабылдаған болатын. Оның басты мақсаты — жастар арасындағы кәсіпкерлік пен қажетті біліктіліктерді арттыратын «старт-ап» ортаны қалыптастыру.

Екі күнге созылған іс-шарада жастар бірнеше семинар-тренингтерге қатысып, өз-өзін презентациялау дағдыларын үйреніп қана қоймай, бизнес-ойын форматындағы «воркшоптарға» ат салысты. Ел жастарының инновациялық идеялары мен біліктіліктерін арттыруға, әлемнің үздік университеттерінде білім алған «Болашақ» бағдарламасының түлектері өз тәжірибесімен бөлісті.

Осы орайда, Нархоз Университетіндегі Халықаралық даму басқармасының жетекшісі Сағындыкова Жайлагүл фестивальға өз үлесін қосып, бірнеше тренингтерді жүргізді. Олардың негізгі бағыты тұлғалық дамудағы коммуникациялық дағдыларды (soft-skills) арттыруға арналса, «Балмұздақты қалай қыс мезгілінде сатуға болады?» тренингі сату машықтарын дамытуға бейімделген.

Опубликовано
В рубрике Новости