Амстердам қолданбалы ғылымдар университетіндегі іссапар нәтижелері

2019 жылдың 18-25 қараша аралығында Нархоз университетінің командасы: ректордың ішкі істер жөніндегі кеңесшісі Виктория Цай, халықаралық даму басқармасының басшысы Жайлагүл Сағындықова, Нархоз Бизнес Мектебінің аккредиттеу және сапа жөніндегі директоры Анна Нагорнова, ҚТЭМ «халықаралық қатынастар және саясаттану» бағдарламасының эдвайзері Айбар Шәріпов, және базалық дайындық факультетінің оқытушысы Павел Нартов, Нидерланды еліндегі серіктес университеті Амстердам Қолданбалы Ғылымдар Университетінде (AUAS) өткен «Тұрақты даму миссиясы» тақырыбындағы халықаралық апталыққа қатысты.

5 күн бойы Нархоз өкілдері Қазақстандағы жоғары білімнің даму стратегиясы, ел мен Алматы қаласының тұрақты даму перспективалары, Қазақстандағы іскерлік байланыстардың мәдени ерекшеліктері, Орталық Азияға инвестициялар, Орталық Азиядағы кәсіпкерлікке қатысты кейстер туралы баяндама жасады. AUAS студенттері қазақ халқының мәдениетімен, этикетінің ерекшеліктерімен танысып, қызу әңгіме барысында голланд мәдениетіндегі отбасы мен қарым-қатынас құндылықтарымен бөлісті. Сонымен қатар, AUAS оқытушылары Қазақстандағы жоғары білімнің дамуы мен болашағы туралы пікірталастарға қатысып, Нархоз Университетімен серіктестік мәселелеріне де қызығушылық танытты.

Нархоз Университеті AUAS-пен 2017 жылдан бастап серіктес болып келеді. Осы уақыт аралығында академиялық ұтқырлық аясында 5 студент бір семестрге оқуға барып, ал 2018 жылы өткен халықаралық аптаға серіктес тарапынан 5 оқытушы қатысқан болатын, AUAS-дан 2 оқытушы Нархозға қонақ дәрістерімен келді. Серіктестік Еуропалық Эразмус+ бағдарламасы аясында студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығы арқылы жүзеге асырылуда. Аталмыш ынтымақтастық Эразмус + бағдарламасы шеңберінде, сонымен қатар 2019-2020 оқу жылының көктемгі семестрінде «Іскери байланыстағы мәдениаралық ерекшеліктер» тақырыбында Нархоз университетінің студенттерімен AUAS студенттерінің онлайн-жобасы аясында дамиды.

Онлайн жобаға өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 10 қаңтарында басталады. Іріктеудің негізгі талаптары: ағылшын тілін білу (B2 деңгейі), толық үш айлық курсты аяқтау (2020 ж. ақпан-сәуір аралығы). Бағдарлама аяқталғаннан кейін студенттер AUAS студенттерімен кездесіп, бір жобаны бірлесіп жүзеге асырып, AUAS пен Нархоз Университетінің сертификатын алатын болады. Студенттер саны — 12 адам.

global@narxoz.kz

Опубликовано
В рубрике Новости